«Тездету керек»: Мәжіліс тағы бір заң жобасын жұмысқа алды

Аягөз Құрмаш

Заң жобасы жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты

«Тездету керек»: Мәжіліс тағы бір заң жобасын жұмысқа алды
Фото: gov.kz

Мәжіліс депаутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ бұралқы иттер мен қараусыз қалған жануарлар санын реттеу мақсатында бұл заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасап, әзірледі», - деді Еділ Жаңбыршин.

Заң жобасында келесідей негізгі нормалар қарастырылған:

  • жануарларды есепке алудың бірыңғай электрондық базасын орталықтандыру;
  • жануарды уақытша ұстау орнына орналастырғанға дейін жануардың иесіне одан бас тартуға тыйым салуды белгілеу;
  • сондай-ақ жануардың иесіне оны далаға тастамай, уақытша ұстау орнына өткізуді міндеттеу;
  • жануарлар агрессия танытып, шабуылдаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың осындай оқиғаларға шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру міндетін белгілеу;

«Сондай-ақ ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін, зооқорғаныс ұйымдары мен өзге де тұлғалар тарапынан орнастырылмаған және талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін, егер олар бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал егер олар қараусыз қалған жануарлар болса 60 күн ішінде эвтаназия қолдану. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Жаңбыршин.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл заң жобазы маңызды екенін айтып, тездетуді сұрады.

«Маңызды заң жобасы, жұмыс тобында қарап, тездету керек, Еділ Терекбайұлы», - деді Қошанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.