Мәжіліс еңбек дауларын реттейтін заң жобасын жұмысқа алды

Ол жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келіссөзді оңайлатады

Мәжіліс еңбек дауларын реттейтін заң жобасын жұмысқа алды
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов еңбек дауларын шешетін заң жобасын жұмысқа алуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын жұмысқа алды.

«Аталған заң жобасына бір топ Парламент депутаттары бастамашы болды. Заң жобасы қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасымен мемлекеттік еңбек инспекциясының рөлін күшейту, еңбек дауларды реттеу рәсімдерін және қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіссөздер процестерін ұйымдастыруды оңайлату көзделеді. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар қарастырылған», - деді Аймағамбетов.

Депутат комитет заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын екенін айтты.

Депутатар аталған заң жобасына дайыс беріп, жұмысқа алынды.

​​​​​​​Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ ​​​​​​​

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.