Мәжіліске жаңа депутат келді

Ол - Respublica партиясының өкілі

Мәжіліске жаңа депутат келді
Фото ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат ант беріп, комитет төрағасы сайланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәди Тәкиев Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл орынға жаңадан депутат келуі керек екенін айтты.

«Жаңа ғана босаған орынға адам тағайындауымыз керек. Қаржы және бюджет комитетінің төрағасын сайлауымыз қажет», - деді ол.

Депутаттардың дауыс беруі арқылы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы болып Татьяна Савельева сайланды.

Сондай-ақ Мәжіліске жаңа депутат келді. Айтуар Қошмамбетов Respublica партиясынан депутат атанды.

Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ол ант қабылдап, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

​​​​​​​Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ ​​​​​​​

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.