$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2024, 18:35
Қоғам

«Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кетті ме?»: Зәкиева Нүкенованың соты жайлы

Ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және әйел ретінде сот процесін мұқият қадағалайтынын айтты

«Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кетті ме?»: Зәкиева Нүкенованың соты жайлы

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты қатаң жазаны талап етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кез келген зорлық-зомбылыққа ең қатал жаза қолдану керек, жазаны жұмсартуға, жеңілдетуге жол берілмеу керек.

Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты сот процесінің алдында сотталушыны ақтау үшін фактілерді бұрмалау әрекеттері болуы мүмкін екені айтылып жатыр. Кейбір адамдар «ақтау медиа науқанын» бастап та кеткен.

Адамдардың зорлық-зомбылықты ақтауға қалай дәті барады, түсіну мүмкін емес»,- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Зәкиева өзі айтқандай, Нүкенованың қазасына байланысты сот қоғамға қылмыс жасаушылардың жазадан құтылмайтынын көрсететін сигнал бола білу керек.

«Әрине, зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бізге қатаң заң қажет. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, депутаттармен, мемлекеттік органдармен бірге біз қыркүйек айының басында заң жобасын дайындадық, қазір ол Мәжілісте.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «заң мен тәртіп» қағидатына сай, қоғамдағы зорлық-зомбылықпен күресу үшін кез-келген агрессия мен зорлық-зомбылыққа төзбеуді дамыту керектігін айтқан болатын. Бұл бәрімізге қатысты айталған сөз.

ҚР-ның азаматы, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және әйел ретінде мен сот процесін мұқият қадағалайтын боламын. Біз қоғам болып әйелдер мен балаларға көрсетілген әрбір зорлық-зомбылыққа әділ жаза қолданылуын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Серіктес жаңалықтары