$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«34 млн теңге жымқырған»: Таразда шенеуніктер 8 жылға сотталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді

«34 млн теңге жымқырған»: Таразда шенеуніктер 8 жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Тараз қаласының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлы және «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Е.Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған», - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді. 

Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Серіктес жаңалықтары