$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2024, 11:12
Қоғам

Медициналық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор – Ерлан Дәкенов

Ол ауылдағы мектеп құрылысының проблемасын атады

Медициналық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор – Ерлан Дәкенов

Астана қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Дәкенов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмалары жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Президент медициналық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор екендігін атап өтті. Алайда «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында жоспарланған 655 нысанның тек 85-і ғана пайдалануға берілген. Сондай-ақ жаңа форматтағы 369 мектепті пайдалануға беру жоспарланған болатын. Бірақ техникалық құжаттарды уақытылы дайындауда және жер учаскелерін бөлуде қиындықтар туындап тұр», - дейді ол.

Депутат атағандай, Мемлекет басшысы осыған қатысты Үкіметке, әкімдерге және «Самұрық-Қазына» қорына «денсаулық сақтауды жаңғырту» және «жайлы мектептер» ұлттық жобаларын іске асыруға кедергі келтіретін барлық мәселелерді шешуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары