Алматыда «Жастар Рухы» студенттердің жатақханаларына мониторинг жүргізді

Олар Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің жатақханаларын тексеріп шықты   

Алматыда «Жастар Рухы» студенттердің жатақханаларына мониторинг жүргізді
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматыда студенттер тұратын жатақханалар талапқа сай емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

ЖОО кейбір жатақханалары мейрамхана, ойын-сауық орталықтарына жақын орналасқан, ал бөлмелері сасық, жағымсыз иістерге толы. Осылай деп баға берген топ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне мониторинг жүргізілді. Акция «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілді. Мониторинг барысына «Жастар Рухы» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов, Алматы қалалық мәслихат депутаты Серік Есматов және жастар қанатының белсенділері қатысты.

«Аталған оқу орнының жатақханасы 2 қабаттан тұрады, жоба бойынша 257 орынға есептелген. Студенттер жатақханада тұру үшін айына 12 мың теңге төлейді. Бір бөлмеде 4-6 жатын орын бар және әр қабатта ас бөлме орналасқан. Студенттердің қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары жұмыс істейді.  Студенттердің қолайлығы үшін жатақхана аумағында компьютермен жабдықталған бөлмелер, кір жуғыш машиналар, өзгеде тұрмыстық электроникамен қамтамасыз етілген», - делінген хабарламада. 

«Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен бастау алған жоғарғы оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жүргізудің мақсаты – студенттер үйінің сапасын арттыру, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау.

«Алайда, жатақханада талапқа сай емес нормалар тіркелді. Атап айтқанда жатақханаға жақын аумақта, ойын-сауық кешендері мен мейрамханалар орналасқан, университетте оқитын орындар студенттер үшін жеткіліксіз, кәріз құбырларынан жағымсыз иіс шығады. Мәселелерді шешу мақсатында жастар қанаты тарапынан кеңестер беріліп, жатақхана алу барысында келеңсіз жағдайға тап болған  студенттерге жан-жақты қолдау көрсетпек», - деді партияның баспасөз қызметі.

 

Университетте 16 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың 20% жатақханамен қамтамасыз етілген. Ректораттың мәліметінше, жатақханаға тұрғысы келген жастарды  орналастыруға әліде мүмкіндік бар.

«Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 5 жатақханасында 2126 студент тұрады. Жатақханаға мұқтаждығы туралы өтініш білдіргендердің жалпы саны 3308 студентті құрайды, оның 1108-і жалға алынған жатақханаларға орналасты. Студенттерді орындармен қамтамасыз ету үшін 3 жатақханамен меморандум жасалған. Жалға берілетін жатақханалар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған және қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтайды. Студенттердің әл-ауқатын бақылау үшін университет қызметкерлері тарапынан үнемі мониторинг жүргізіледі.  Қазіргі уақытта баспанаға мұқтаж студенттер үшін жалға алынған жатақханаларда қолжетімді орындар бар», - деп хабарлады аталған оқу орнының баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.