Астықты тыңайтқышсыз 50 пайызға арттырады: шымкенттік ғалым ғылыми жаңалық ашты

Ғылыми жаңалық бүгінде әлемнің 12 елінде сынақтан өтуде

Астықты тыңайтқышсыз 50 пайызға арттырады: шымкенттік ғалым ғылыми жаңалық ашты
Фото ашық дереккөзден

Шымкенттік ғалым астық өнімділігін ешқандай тыңайтқышсыз 50 пайызға арттыратын ғылыми жаңалық ашты. Арнайы құрылғының көмегімен өңделген тұқым мол өнім берумен қатар жоғары сапасымен де ерекшеленді. Ғылыми жаңалық бүгінде әлемнің 12 елінде сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Ғылыми зерттеу бойынша кез-келген дәнді дақылдың тұқымы жерге себуден бір ай бұрын өңдеуден өтуі керек. Оны 14 герц жиіліктегі 12 вольт қуатпен сәулелендіреді. Бұл процес небәрі 15 минутқа ғана созылады. Осы уақыт ішінде тұқым сақталған қамбадағы диаметрі 20 метр аумақ биорезонансты жолмен активендіріледі. Әдістің басты ерекшелігі қоршаған ортаға, топыраққа зиян келмейді. Және өнім мутациялық өзгерістерге ұшырамайды.

«Альфа, бетта омелоганы 30 процетке көбейткен кезде дәннің ішінде гиролиз жүреді. Крахмал мен гикстрині бар дән ішінде глюкоза мен фруктозаға айналады», - дейді профессор Әбдімәлік Әшіров.

Ғылыми жоба осыдан 5 жыл бұрын Ғылым қорының қолдауы арқасында 200 миллион теңге грантқа ие болды. Соның арқасында 18 түрлі дәнді дақыл шаруашылықтарда сынақтан өткізілді. Нәтижесінде алқаптардан 30-50 пайыз көп өнім жиналды.

«Үш жылдың ішінде 128 шарушалықта жұмыс істеп өзіміздің технологиямызды дәлелдік. Қазір 7 облыста жұмыс істеп жатырмыз. Менің тобымда 18 адам бар», - дейді профессор.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ғалымдары мұнан бөлек былтыр 12 ғылыми жоба ұсынды.

Әбдімәлік Әшіровтың ғылыми жаңалығы бұған дейін әлемнің 10 елінде сынақтан өтті. Биыл Литва мен Польша елінің шаруалары егіп көрмек. Жуырда Қытай елімен де келісім жасалды. Ғылыми жаңалық 2017 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша үздік 10 инновациялық жобаның қатарына енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.