«Тұрғындар билікке наразы»: Атырауда үйлер суға кетіп, көліктер жүре алмай қалды

Azattyq Rýhy

Ал қала әкімдігі жауын айлық мөлшерден тым көп түсті деп ақталуда

«Тұрғындар билікке наразы»: Атырауда үйлер суға кетіп, көліктер жүре алмай қалды
Фото: almaty.tv

Атырауды су басып жатыр. Екі күн бойы толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлер суға кетіп, көшеде жаяу жүргінші түгілі, көліктер жүре алмай қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйін су басқан тұрғындар жергілікті билікке наразы. Өйткені жыл сайын қайталанатын жағдай жұртты әбден мезі еткен. Себебі қалада су ағатын арық жүйесі мүлде жоқ. Соның салдарынан оқушылар мектепке бара алмай қалған. Малмандай су болған халық 109 нөміріне үздіксіз хабарласып жатыр. Түске дейін 250-ге жуық қоңырау түскен. Ал қала әкімдігі жауын айлық мөлшерден тым көп түсті деп ақталуда. Сондықтан арнайы техникаларды алдымен суға кетіп жатқан тұрғын үйлерге бөліп, біраз ықшамаудан тазаланды деп отыр.

 «Көшеде 38 дана техника жұмыс істеп жатыр. Оң жағалау және сол жағалау екі жақтан арнайы техника бөліп жұмыс істеуде. Кешегі күнмен салыстырғанда 1800 текше метр су қала сыртына шығарылды. Бұл жұмыс үздіксіз атқарыла береді», - деді Атырау ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.