400 мың қазақстандық баспана кезегіне заңсыз тұрған - Бағдат Мусин

Azattyq Rýhy

Елде әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 300 мың отбасы бар

400 мың қазақстандық баспана кезегіне заңсыз тұрған - Бағдат Мусин
Фото: info.homsters.kz

400 мың қазақстандық баспана кезегіне заңсыз тұрған. Бұл туралы «Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы барысында Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық форум барысында, министр Қазақстанда көптеген мемлекеттік қызметтің цифрландырылғанын, соның ішінде тұрғын үйге онлайн кезекке тұруға болатынын жеткізді.

Оның айтуынша, бұрындары әлеуметтік баспана алу үшін әкімдіктерге барып, құжат жинайтын болса, бүгінде балдық тетік арқылы баспанаға мұқтаж нақты отбасылар анықталып, кезекке тұрғызылып жатыр.

«Бізде қызық кейс бар, бұрын әлеуметтік баспана кезегінде миллионнан астам адам тұрған. Біз big data деректеріміз арқылы 400 мың тұрығының кезекте заңсыз тұрғанын анықтадық. Сондай-ақ керісінше әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 300 мың отбасы бар екенін білдік», - деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, Алматыда «Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форум өтіп жатыр. Цифрлық іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.