28.01.2024, 13:00
Қоғам
Бүркітші қыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға қоныс аударды
Отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты
Фото: Әлиақбар Қадырбаев
Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», - деді Айшолпан Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.
Сондай-ақ, отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.
«Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді», - дейді бүркітші қыз.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды