$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2024, 13:19
Қоғам

Маңғыстау облысында ағалы-қарындас бауырларға көршісі пышақтпен шабуыл жасады

Зардап шеккендердің жағдайы орташа деп бағалануда

Маңғыстау облысында ағалы-қарындас бауырларға көршісі пышақтпен шабуыл жасады
Фото: freepik.com

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Хасанның мәлімдеуінше 20 жастағы жігіт 30 жерден, 14 жастағы қыз бала 18 жерден пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ағалы – қарындастың жағдайы бүгін де орташа деңгейде»,- деді дәрігер.

Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, балалардың анасы сол күні вахталық жұмыста болған, ал әжесі аудан орталығындағы оңалту орталығында ем қабылдап жатқан.

Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған еді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары