09.04.2020, 14:52
Қоғам
Президент кеңесшісі 42 500 теңгені алуда кездесетін проблемалар бойынша кеңес берді
Олжас Құдайбергенов қазақстандықтарды Әділет министрлігіне жүгінуге шақырды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов төтенше жағдай кезінде түрлі әлеуметтік төлемдер алудағы кездесетін проблемалар бойынша Әділет министрлігіне жүгінуге шақырды.
«Егер төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да әлеуметтік төлемдерді алуда қиындықтар туындаса, Әділет министрлігінің жедел желісісіне, яғни 87172 580058 нөміріне хабарласаңыз. Олар сізге көмек береді», - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент кеңесшісі «42 500 теңгені бәрі бірдей ала ма?» деген сұраққа да жауап берген еді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды