09.04.2020, 15:01
Қоғам
Атырау облысында коронавирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
Бүгін Нұр-Сұлтанда бір науқас қауіпті вирустан жазылып шықты
9 сәуір сағат 14:55-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді: Атырау облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Алматы қаласында - 1 адам.
Қазіргі уақытта елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 764 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 223;
- Алматы қаласы – 121;
- Шымкент қаласы – 27;
- Ақмола облысы – 56;
- Ақтөбе облысы – 11;
- Алматы облысы – 10;
- Атырау облысы – 42;
- Шығыс Қазақстан облысы – 6;
- Жамбыл облысы – 45;
- Батыс Қазақстан облысы – 4;
- Қарағанды облысы – 57;
- Қостанай облысы – 3;
- Қызылорда облысы – 92;
- Маңғыстау облысы – 7;
- Павлодар облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
- Түркістан облысы – 34.
Сондай-ақ бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қауіпті вирус жұқтырған тағы бір науқастың айығып шыққаны хабарланды. Осылайша, республика бойынша коронавирустан жазылғандар саны 55 адамға жетті. Осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласында – 30, Алматы қаласы – 23, Ақтөбе облысы – 1 және Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам жазылып шықты.
Көп оқылған
06.05.2026, 09:48
Тоқаев немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген батырға «Халық қаһарманы» атағын берді
06.05.2026, 11:15
Талдықорғанда арыққа ағып кетіп, жүрегі тоқтап қалған екі жасар қызды жедел жәрдем дәрігері қайта «тірілтіп» алған
06.05.2026, 10:02
Павлодардағы емхананың кезегіне таласқан халық есік ашылғанда бір-бірін таптап кете жаздаған (ВИДЕО)
06.05.2026, 10:18
«Бұл - таңдау емес, мәжбүрлеу әрі бопсалау»: BI Service үйді күтіп-ұстау үшін бір шаршы метрдің тарифін 270 теңгеге дейін қымбаттатпақ