$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құрылысты онлайн бақылайтын eQurylys ақпараттық жүйесі енгізілуі мүмкін

Мәжіліс Кодексті жұмысқа алды

Құрылысты онлайн бақылайтын eQurylys ақпараттық жүйесі енгізілуі мүмкін
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала  құрылысы  және  құрылыс  мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасын жұмысқа алды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов кодекс жайлы айтты.

«Құрылыс кодексінің жобасы және оған ілеспе заң жобасы мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін әзірленді. Жаңа Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жүйелі механизмді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін eQurylys ақпараттық жүйесін енгізуге, құрылыс саласындағы рұқсаттардың бірыңғай тізілімін бекітуге, сәулет, құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға ұлғайту қарастырылған», - деді Сабильянов.

Құрылыс кодексінің жобасы 205 баптан тұрады. Ілеспе заң жобасы 4 кодекске, қолданыстағы 13 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

«Осыған байланысты комитет заң жобаларын жұмысқа алуға, олар бойынша қорытындылар әзірлеуге дайын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары