$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2024, 00:46
Қоғам

Хакерлер шабуыл жасаған: Ақтөбеде үш тәулік бойы тұрғындар жедел жәрдемге хабарласа алмады

Мамандар енді мұндай олқылық болмайды деп сендіріп отыр

Хакерлер шабуыл жасаған: Ақтөбеде үш тәулік бойы тұрғындар жедел жәрдемге хабарласа алмады
Фото: astanatv.kz

Ақтөбеде үш тәулік бойы жедел жәрдем қызметінің «103» байланыс телефоны істемей қалды. Халық жедел жәрдеммен байланыса алмай әбігерге түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар «103» байланыс қызметі қоңырау қабылдамаған соң, жан-жаққа қоңырау шалып, тіпті «112», «109» қызметтері арқылы дәрігер шақыртқан. Арнайы қызметтерге хабарласа алмағандар жақын ауруханаларға көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

 «Қабылдау болмаған соң халыққа қиын, бізге түсу де қиын болды. «112» қызметі бар. Сол жаққа өзміздің диспетчерді жіберіп, жаңағы түскен шақыруларды сол жақтан қабылдадық. Және «109» әкімдік чатына түскен шақыртуларды сол жақтан қабылдап, бардық», - дейді облыстық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Белгілі болғандай, соңғы тәуліктерде «103» қызметінің байланыс желісіне хакерлік шабуыл жасалған. Сол себепті үш күн кешкі уақытта шұғыл қызмет қоңырау қабылдау мүмкін болмаған. Байланыс қызметі кеше түнгі сағат онның шамасында толық реттелді дейді жауаптылар. Мамандар енді мұндай олқылық болмайды деп сендіріп отыр.

 «Сыртқы хакерлік DDos атака дейді ғой. Яғни именно «103» бөлінген статистикалық сыртқы IP адрес блоктанған болатын. Толығымен интернет болмағандықтан «103» қызметінің де байланыс қызметі жасаған жоқ. Қазір система толық өзгертілді. Яғни, IP адрес барлығы басқа адрес жазылғаннан кейін қазір ондай қауіп жоқ», - деді байланыс компаниясының өкілі Қанат Сырлыбаев.

Серіктес жаңалықтары