Өзбекстанда азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүру ұсынылды

Елдің Бас прокуратурасы осындай өтініш білдірді

Өзбекстанда азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүру ұсынылды

Бұл әдіс адамның бойынан коронавирус инфекциясы табылған жағдайда, онымен байланыста болған адамдарды жедел анықтау үшін қажет. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 504 адам анықталған. Екі науқас көз жұмып, 30-ы емделіп шыққан. Қазір 100 мыңнан астам адам карантин режимін сақтап отыр, оның ішінде 23 мыңнан астамы — стационарларға жатқызылған», - делінген хабарламада.

Ал Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 059 адам анықталды.

«Елде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны — 109 069 адам. 1 417 адам вирус салдарынан көз жұмған. Ал жалпы өлім-жітім саны — 10 328. Бұған қоса, тағы 2 127 адам ауруынан айыққан. Жалпы, жазылып шыққандар саны 19 397-ге жетті», - деп жазады шұғыл штаб.

Германияда соңғы тәулікте індеттен қайтыс болғандар саны 132 адамды құрады.. Бір тәулікте тағы 3 364 адам коронавирусты жұқтырған.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны — 106 739. Жалпы бұл елде аталған індеттен 1 942 адам көз жұмған. Сондай-ақ, тағы 7 381 адам емделіп, сауығып шықты. Мұндағы жазылып шыққандардың жалпы саны 36 081-ді құрап отыр»,- делінген ақпаратта.

Жалпы, дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 433 049 (тәулігіне +84 483) адам тіркелген. Қайтыс болғандар — 82 083 (+7 317) адам, жазылып шыққандар — 302 150 (+15 916) адам.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.