$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам заңсыз материал бұғатталды – Балаева

Зайырлық құндылықты дамытуға арналған 75 мың материал жарияланған

Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам заңсыз материал бұғатталды – Балаева
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін саласындағы жат ағымдарға қатысты ақпаратпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Балаева атағандай, министрліктің дін саласындағы қызметі үш негізгі бағыт аясында іске асады.

«Бұл - ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек екені айқын. Сондықтан да діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам заңсыз материалдар жойылып, бұғатталды. БАҚ-та, танымал әлеуметтік желілерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді насихаттау және зайырлылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған 75 мыңнан астам материал орналастырылды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобасы дайындалды», - деп атап өтті министр.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары