$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді – министр

Олардың құрамындағы азаматтық сектордың өкілдігі 86%-ды құрап отыр

Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді – министр
Фото ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева министрлік қандай бағыттар бойынша жұмыс істегенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге іске асыру аясында дамудың институционалдық негіздерін құру, өзара іс-қимылдың диалогтық форматын құру, үкіметтік емес секторды, волонтерлік қоғамдастықты өзекті міндеттерді шешуге тарту жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында алғаш рет «қоғамдық бақылау туралы» жаңа Заң және оған ілеспе Заң қабылданды, олар қоғаммен қатар талқыланып, терең сарапталып дайындалды. Алғаш рет заңнамалық деңгейде петициялар институты енгізілді. Заңды онлайн өтініш беру платформасы келесі жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді», - деді Балаева.

Оның айтуынша, осы жылдың 21 желтоқсанында азаматтардың бірлестіктер құрудағы еркіндік құқықтарын кеңейтуге бағытталған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңына қол қойылды.

«Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Олардың құрамындағы азаматтық сектордың өкілдігі 23,5% - ға өсіп, 86%-ды құрап отыр. Кеңестердегі жастардың үлесі 10% – ға дейін өсті.Министрлік волонтерлер қозғалысын белсенді дамытуда. 2020 жылдан бастап республикалық және өңірлік фронт-офистер жұмыс істейді. Ауқымды жұмыс нәтижесінде еріктілер ұйымдарының саны 3 есеге, белсенді еріктілер саны - 5 есе артты. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың әртүрлі диалогтық форматтары қамтамасыз етілуде. Осындай алаңдардың бірі – 2003 жылдан бері жүйелі негізде жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның Азаматтық форумының платформасы.Ұлттық құрылтай маңызды диалог алаңы болып табылады», - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, гранттық қаржыландыру жүйесі қайта форматталды.

«Жергілікті бастамаларды дамытуға бағытталған қолданбалы жобаларды іске асыруға баса назар аударылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда. Оның аясында қазақстандық этностарды интеграциялаудың негізгі институты ретінде Ассамблея жұмысы жетілдірілуде. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, этностарды біріктіруге, сондай-ақ мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тілі ретінде насихаттауға бағытталған 8 мың іс-шара ұйымдастырылды», - деді Аида Балаева.

Министр атағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақсақалдар кеңесі құрылды.

«Өңірлерде 1100-ден астам Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Олар 4 мыңнан астам іс-шара өткізді, оның басты мақсаты – азаматтарды қоғамдық келісім құндылықтары төңірегінде топтастыру. Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бірқатар азаматтарды «Ел бірлігі» орденімен марапатталды. Министрліктің тағы бір үлкен жауапты бағыты – дін саласы. Бұл бағытта біздің алдымызда үш өзара байланысты міндет бар», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары