$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу жайлы айтты

Ол «Ақпараттық доктрина» бекітілгенін мәлімдеді

Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу жайлы айтты
Фото: tengrinews.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Министрлік ақпаратқа қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Бұл бағытта тиісті заң жобасы әзірленіп, қазір Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Ведомство тарапынан бақылауды күшейтудің арқасында мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күшейе түсті және қызметтерінде ашықтық пайда болады», - деді Балаева.

Аида Балаева министрліктің ақпараттық жұмысы үш негізгі бөліктен тұратынын атап өтті. Олар: медиасфераны дамыту бойынша жағдай жасау, халықты мемлекеттік саясатты іске асыру туралы хабардар ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының жарлығымен сөз бостандығын одан әрі қамтамасыз етуге, отандық медиасфераның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ақпараттық егемендікті нығайтуға бағытталған «Ақпараттық доктрина» бекітілді. Ал тамыз айында Үкіметтің Қаулысымен оны іске асыруға бағытталған іс жоспары қабылданды. Доктринадан туындайтын аса маңызды заң жобаларының бірі Министрлік бастамасымен жүзеге асқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы болды. 30 қарашада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті. Онда заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырыстары аясында талқылау жұмыстары жалғасуда», - деді министр.

Спикердің айтуынша, журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып әзірленген «баспасөз картасы» ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады.

«Жалпы, депутаттар заң жобасы бойынша 114 түзету енгізді (оның ішінде – 64-і қабылданып, 10 түзету пысықталуда). «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң қабылданды. Заң жобасы аясындағы басты мәселердің бірі – мемлекеттік тілдегі онлайн-платформалар интерфейсін дамыту.Жарнама контентін жариялайтындарға жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі. Бұл ережелер барлық қажетті талдаудан өтті және 2024 жылғы ақпанның соңына дейін қабылданады. Олар коммерциялық негізде материалдарды жариялайтын онлайн-платформа пайдаланушыларына әсер ететін болады. Жалған ақпарат таратқан пайдаланушылар мен инфлюенсерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Олар: 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке  дейін айыппұл және бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу. Бұл норма қазірдің өзінде жұмыс істей бастады», - деді ол.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 43 серия түсірілсе, коммерциялық емес телеарналар 20 серия шығарды.

«Телерадио хабарларын тарату саласын дамыту бойынша шекаралас аудандарда отандық радиохабар тарату желісін дамыту үшін 38 жиілікті бөлу бойынша конкурс ұйымдастырылып, өткізілді. Қазіргі таңда Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында цифрлық эфирлік телехабар таратудың 11 Радиотелевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Жалпы отандастарымыздың 93%-дан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары