«Шашты айтсаңызшы!»: Мақпал Жүнісова Алматының түнгі клубында түсірілген видеоны жариялады
Белгісіз біреу халықты Мақпал Жүнісова болып құттықтаған, әншінің өзі бұған таңғалғанын жасырмады
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова түнгі клубта өзінің образын жасаған өнерпазға таңданыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мақпал Жүнісова видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Кеше түнде Республика күні құтты болсын деп Алматының бір түнгі клубында мен болып құттықтапты. О, тоба, бастағы шашты айтсаңызшы», - деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Роза Рымбаева сияқты болғысы келетінін айтқан болатын.
«Қызым Мерейге жақсы жігіт кездессе, ертерек тұрмысқа шығып кетсейші деп жиі айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере (қыздан туған бала жиен – агенттік ескертпесі) сүйгім келіп жүр. Баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деген әңгімелер айтады. Бір жағынан бір түрлі болып қалады екенсің. Сосын, «жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деп басу айтамын», - деді әнші.