$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Роза Рымбаева сияқты болғым келеді»: Мақпал Жүнісова нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)

Өнерпаз қызы Мерейден «менен құтыла алмай отырсың ба?» деген сөзді естігенде біртүрлі болып қалатынын жасырмады

«Роза Рымбаева сияқты болғым келеді»: Мақпал Жүнісова нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында қызы Мерейдің тұрмыс құрғанын көріп, әже болуды армандайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жақсы жігіт кездессе, ертерек тұрмысқа шығып кетсейші деп жиі айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере (қыздан туған бала жиен – агенттік ескертпесі) сүйгім келіп жүр. Баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деген әңгімелер айтады. Бір жағынан бір түрлі болып қалады екенсің. Сосын, «жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деп басу айтамын», - дейді әнші.

Еске сала кетейік, жақында Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың Кегендегі ескерткішіне гүл шоғын қойды. Ол жантебірентерлік сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты, соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!», - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары әншінің бұл игілікті ісін құп көріп, алғысын жаудырып жатыр.

Әнші қызы Мереймен бірге Қазақстанның көрікті жерлерін аралап жүр. Желідегі парақшасында Көлсайда түскен суреттерін жүктеді.

Серіктес жаңалықтары