29.07.2025, 06:47
Жаңалықтар
Бақыт Сәрсекбаев 40 келі қазыны кімге сатып алды
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына аттанды
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын 22 жасқа дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәрсекбаев базар аралады
Құрлық біріншілігі 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Тайландтың Бангок қаласында өтеді. Жарысты алғаш рет World Boxing ұйымы өткізеді.
«Жауапты бәсекеге спортшыларды дайындаған Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Алматыдағы базарлардың бірінен 40 келі жылқының қазысын сатып алған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жария болды», - деп жазды порталды.
Бапкер Таиландтағы тамақ мәзірі қазақстандық спортшыларға аса қолайлы емес екенін жақсы біледі. Сондықтан өзімен бірге қазы алып кетуді жөн көрген.
Ел намысын кімдер қорғайды
Азия чемпионатында:
- Нұрзат Оңғаров,
- Бексұлтан Боранбек,
- Нұрислам Қалдыбаев,
- Илья Калинин,
- Нұрбек Мұрсал,
- Аман Қонысбеков,
- Санжарәлі Бегалиев,
- Азатбек Жолдасхан,
- Темірлан Мұқатаев,
- Нұрасыл Асылхан секілді боксшылар өнер көрсетеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды