Шымкентте 70-тен асқан зейнеткерлер шаңырақ көтерді

Azattyq Rýhy

Олар тіпті заңды некесін де қиып үлгерді

Шымкентте 70-тен асқан зейнеткерлер шаңырақ көтерді

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкенттік Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

«Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар»,- дейді 72 жастағы қалыңдық Найля Нұриева.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдайлар жасалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.