21.12.2023, 23:31
Қоғам
Оралда есірткі жасыру үшін магнит қолданған азамат ұсталды
Тінту кезінде одан салмағы 20,5 грамм мефедрон мен магнит салынған 20 дана zip-пакет табылды
Батыс Қазақстан облысының Есірткіге қарсы күрес басқармасы Деркөл ауылында Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тінту кезінде одан салмағы 20,5 грамм мефедрон мен магнит салынған 20 дана zip-пакет табылды.
Ер адам пакеттерді құбырларға бекіткен, кей жағдайда жерге тастап кеткен. Осылайша, есірткі тұтынушылар металл арқылы керек заттарын таба алатын болған.
«Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», -делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті