$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Олардың барлығы сатқын»: ІІМ басшысы қылмыс жасаған полицейлер жайлы

Ол мұндай қызметкерлер министрліктің атына кір келтіргенін айтты

«Олардың барлығы сатқын»: ІІМ басшысы қылмыс жасаған полицейлер жайлы
Фото: Polisia.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қылмыс жасаған полицейлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өкінішке қарай, біздің 11 қызметкер нашақорлыққа қатысты қылмыс істеген. 2019 жылы заңнама қабылдады. Бүгінде 1 грамм есірткіні сараптама үшін аламыз. Қалғанының барлығын жоямыз. Екінші айналым деген түсінік соған дейін болған. Қазір ондай жоқ. Олардың барлығы сатқын болса, қызметкер деп қалай атаймыз? Олар - мыңдаған адам жұмыс істеп жатқан ішкі істер саласының беделіне кір келтіргендер. Сол себепті оларды қылмыскер деп санаймын. Бұл жерде тікелей олардың бастықтары, командирлері де қарамаған, олардың да кінәсі бар. Бізде қауіпсіздік департаменті, әр өңірде олардың басқармалары бар», - деді Ержан Сәденов.

Ол атағандай, Ішкі істер министрлігі «үлкен әскер» осындай дүнмиелермен күресуге тырысып жатыр. Ондай деректер болмауы керек.

Серіктес жаңалықтары