Шығыс Қазақстан облысында инвесторға көмек көрсетілді
Өскемен қаласының индустриялық аймағындағы 2 млрд теңге сомасындағы жоба жақында іске қосылады

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және әртүрлі әкімшілік кедергілерді шешу бойынша жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласының индустриялық аймағында инвесторлардың бірі 2 млрд теңге сомасына сауда-өндірістік кешен салу жөніндегі жобаны іске асыруды аяқтауда, ол бүкіл облыс үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды сақтауын және жеткізуін қамтамасыз етеді.
Анықталғандай, жобаның іске қосылуына әсер ететін мәселелердің бірі кірме жолдардың құрылысы болып табылады, себебі жолдың тік еңісіне байланысты үлкен жүк көліктері қоймаға бара алмаған.
Осы мәселені шешу үшін соңғы 3 жыл ішінде инвестор бірнеше рет қала және облыс әкімдігіне жүгінген, бірақ нәтиже болмады.
Тек объекті басында көшпелі кездесу өткізгеннен кейін ғана мәселенің шешілуіне прокуратура араласқан соң әкімдік бюджет қаражатын бөліп, кірме жолдарды кеңейту және автомобиль жолының бетін тегістеу жұмыстары басталды.
Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.
Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асырған кезде проблемалар туындаса, прокуратура қызметкерімен байланысып, облыс прокуратурасының кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы (байланыс нөмірі 8-705-418-05-21) арқылы құқықтық кеңес ала аласыз.