11.12.2023, 10:09
Қоғам
Теміртаудың Ескі қала ауданында жылу қалпына келтірілді
Қазандық агрегаттары резервтік отынға ауыстырылды
Фото: freepik.com
Ескі қала үйлеріндегі температура кестесі қалпына келтірілді, яғни 86/64 жоспарында 88/67 құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ҚарГРЭС-1-де багерлік сорғының су басуына байланысты қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды.
«Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті жабдықтар мен станцияның отын қоры мол», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылған болатын. Бұл жайтқа қатысты Жедел штаб құрылды. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы