«Біздің азаматтарға басқа елдің әнұранын айтқызған»: Зайытов кәсіпорындарға нақты қағида енгізуді ұсынды
Ол сол талапты кәсіпорындар орындауға міндетті болатынын айтты
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша көшпелі отырыста нақты еңбек қағидатын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біз осындай бір тұжырымдама, жоспар мен шара өткізу керек деген дүние көп. Біз қазір еңбекті қорғағымыз келе ме, әлде, соған әрекет еткіміз келе ме? Егер әрекет еткіміз келсе, осындай жиынның онын, жүзін өткізейік. Шынымен, көмектескіміз келсе, бөлек іс-шара емес, еңбек қаиғадаттарын енгізу керек. Жұмыс бастайтын адам әу бастан келіп біліп алсын қайда келіп жатқанын, не істейтінін. Әйтпесе, 30 жыл тонағаннан кейін тау-кеннен келген өкілдер сияқты «тоқтаңыздар, біз оны көрейік, ақылдасайық» деген әңгімені әкете береді», - деді ол.
Депутат нақты қағидамен жұмыс істей алмайтын адамдармен басқаша әңгіме өрбітуді ұсынды.
«Кәсіподақтар «кейбір мекеме кіргізбейді» дейді. Оны баяғыдан білеміз. Ақтөбеде біздің азаматтарға басқа мемлекеттің әнұранын айтқызған компаниялар болды ғой. Еңбекті қорғаймыз дейміз. Маңғыстаудан келеді 10-15 жігіт. Тыңдайтын адам жоқ. Күнде хат жазамыз. Бірақ оларды ешкім аңғарып жатқан жоқ. Жұмысшылардың талабын орындауымыз керек. Оны жеткізетін кәсіподақтар. Сол кәсіподақтардың ортақ бір әлеуметтік порталы болса, біздің талап осындай», - деді Ринат Зайытов.