Мектепте оқушылардың телефон ұстауына қандай жағдайда тыйым салынады

Министр ата-аналар тарапынан телефон ұстауға қатысты шағым бар екенін айтты

Мектепте оқушылардың телефон ұстауына қандай жағдайда тыйым салынады
Фото: freepik.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтен кейінгі брифингте журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мектеп негізінен сапалы білім мен сапалы тәрбие беруі керек. Сондықтан да бала сабақ барысында мұғалімнің беріп жатқан материалын толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдау...(қажет). Әрине бүгінгі таңда біздің балаларымызды осы смартфондардың алаңдататыны белгілі», - деді ол.

Оның айтуынша, балаларға мұндай тыйым ата-аналардан келген шағымдардың нәтижесінде қалыптасып отыр. Министр мәжілісте арнайы заңның қаралып жатқанын атап өтті.

«Бұл - сабақ барысында ғана мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон пайдалануға болмайтынын туралы заң. Кейін сабақ біткен соң одан тыс уақытта ата-анасына хабарласып, мән-жайын айтса болады. Бұл тек қана сабақ барысына енгізілетін шектеу деп қабылдауымыз керек», - деді Бейсембаев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.