Алматыдағы өрт: қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсетіледі

Аягөз Құрмаш

Өзге елдің азаматтарының мәйіті елдеріне жеткізіледі 

Алматыдағы өрт: қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсетіледі
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков Алматыдағы хостелдегі өрттен қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін жерлейтін орындарға, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Көмек ретінде қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгенің көлемінде көмек көрсетіледі. Оған қоса жерлеу процесін қоса алғанда Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі», – дейді Бақытжан Наурызбеков.

Еске салсақ, бүгін Алматыдағы хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.