30.11.2023, 17:55
Қоғам
Өрт шыққан хостелде қай ЖОО-ның студенттері тұрғаны анықталды
6 ЖОО-ның студенттері хостелде тұрған
Фото: kursiv.media
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Кажденбек Алматыдағы өрт болған хостелде тұрған студенттер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Хостелде 72 адамның 12-сі студент болған. Олар: Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, Спорт және туризм академиясы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, «Каспий» университеті мен Алматы энергетика университеті», - деді
Еске салсақ, бүгін Алматыдағы хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
