$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдікті қамауға алынды

ШҚО-да Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша өңірлік Экология департаменті басшысының орынбасарын пара алды деген күдікпен ұстады. 

«Ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомство дерегінше, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. 

Серіктес жаңалықтары