$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару көзделіп отыр

Мәжіліс заң жобасын талқылап жатыр

Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару көзделіп отыр
Фото: sputnik.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілістің жалпы отырысында Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын қарастыру бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бүгінгі күні қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу және беру бойынша функцияларды жүзеге асырады.

Заң жобасы шеңберінде бұл фунцияларды Отбасы банкіне беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асыратын болады», - деді Шарлапаев.

Министр атағандай, Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр.

«Отбасы банк берілетін функцияларды орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын болады. Отбасы банкті екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару.

Отбасы банкіне аталған функцияларды беруді ескере отырып, оны екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару көзделген.

Сәйкесінше, Отбасы банк банктік және басқа да операцияларды тиісті лицензиясыз жүзеге асыратын болады», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары