$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2023, 13:40
Қоғам

Қант диабеті тұқым қуалайды – эндокринолог

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

Қант диабеті тұқым қуалайды – эндокринолог

Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Диабеттік ассоциациясының президенті Баян Мұсақызы «Basty bailyq» YouTube-арнасына берген сұхбатында қант диабетінің пайда болу жолдары жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл аурудың шығу тегі біркелкі емес. Ағзада қантты реттеп тұратын инсулин гормонының болмауына байланысты дамитын түрін 1-типті диабет деп атайды. Ағзада инсулин бар болғанымен оған сезімталдық төмендеп, бар инсулинді ағзаның сезбеуінен туындайтын екінші типті диабет болып бөлінеді. Бірінші және екінші диабетке алып келетін жағдайлар да әртүрлі болады. Бірінші типімен көбіне жастар, балалар, жасөспірімдер ауыруы мүмкін. Адам ағзасына вирустық басқа да факторлар әсер етіп, ұйқы безінің инсулин бөлетін жасушаларына әсер етеді», - деді Б.Мұсақызы.

Маманның айтуынша, екінші типті диабетте ағзаның сезімталдығына артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, физикалық қозғалыстың азаюы мен тұқымқуалаушылық әсер етеді.

«Қант диабеті тұқым қуалайды. Осы ауруға алып келген факторларды қарағанда ауырған адамның ата-анасында да анықталған жағдайлар жиі болады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін, 14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетмен күрес күні.

Серіктес жаңалықтары