«COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған». Түркістан облысында тіркелген 3 науқас туралы
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 14 адамға жетті
Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы өңірде коронавирус жұқтырған соңғы 3 азамат туралы ақпарат жариялады. Басқарманың мәліметінше, олардың екеуі Жетісай ауданында, бірі Кентау қаласында тіркелген.
«Жетісай ауданындағы екі азаматтың, Кентау қаласындағы 1 азаматтың коронавирус жұқтырғаны расталды. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 14 адамға жетті. 3 сәуір сағат 09.40-тағы мәлімет бойынша Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандар 444 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 199;
- Алматы қаласы – 91;
- Шымкент қаласы – 11;
- Ақмола облысы – 19;
- Ақтөбе облысы – 7;
- Алматы облысы – 9;
- Атырау облысы – 20;
- Шығыс Қазақстан облысы – 3;
- Жамбыл облысы – 6;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 21;
- Қызылорда облысы – 26;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Павлодар облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 14;
- Түркістан облысы – 14;
Өкінішке қарай, қауіпті індеттен елімізде 3 адам көз жұмды. Ал, айыққандар саны – 28 адам.