Enbek.kz сайтында 42 500 теңгеге электронды қолтаңбасыз өтініш беруге болады

Ол ақысыз демалысқа жіберілгендер үшін жұмыс істейді

Enbek.kz сайтында 42 500 теңгеге электронды қолтаңбасыз өтініш беруге болады

Президент Әкімшілігі жанындағы IT-штаб 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке ЭЦҚ-сыз өтініш беруге болатын enbek.kz сайтының аясында арнайы бөлім ашты, деп хабарлайды Коронавируске қарсы күрес жөніндегі штаб.

Өтініш веб-сайттағы жолдарды толтыру арқылы және ұялы нөміріңізге келетін бір реттік SMS пароль арқылы қол қою тәсілімен жүзеге асады.

«Бұл сайт қазіргі таңда, тек қана мекемелерде жұмыс істеген, бірақ карантин үшін жалақысыз демалысқа жіберілгендерден өтініш қабылдайды. Жеке кәсіпкерлер және өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдарға осы мүмкіндікті кейінірек ашамыз», - делінген хабарламада,

Сайт BTS Digital компаниясының Aitu City тобы, «НИТ» АҚ және Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы IT-штабтың қолдауымен жасалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.