$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қоғамдық кеңес Алматыда 22 мың адамға жұмыс тауып берді

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанынан 7 кеңестік топ құрылған

Қоғамдық кеңес Алматыда 22 мың адамға жұмыс тауып берді

Биыл Алматыда партия жанындағы кеңестің араласуымен 22 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Алматыда қазіргі таңда 7 кеңестік топ жұмыс істейді. Олар «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанынан құрылған. Алматы қаласы бойынша 2023- 2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асыру, Жол картасының орындалуын бақылау мақсатында жұмыс істеп келеді.

Кеңестер – партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган және қаланың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына араласады. Кеңестік топтардың негізгі міндеттеріне Сайлауалды бағдарламаның жетекшілік етілетін бағыттары бойынша іске асырылуы мен мониторингін қамтамасыз ету, қоғамдағы резонанстық мәселелерді талқылап, шешілуіне ықпал ету кіреді. Azattyq Ruhy тілшісі кеңес мүшелерінің қала әкімдігімен бірлесе жасаған биылғы жұмыстарына шолу жасап көрген еді.

Кеңестер құрамы қалалық мәслихат депутаттары, партияның беделді және белсенді мүшелері, әртүрлі саладағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар қоғамдастығы мен өзге де ұйымдар өкілдері және азаматтардың арасында сенімге адамдардың қатарынан құралған.

Алматы қаласы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы негізгі 5 бағытты қамтитын 181 тармақтан тұрады. Барлық Кеңес мүшелері әр тармақтың орындалуы бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп, партияның жіті бақылауында ұстап отырады.

Экономика, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Экономика, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің жыл басынан бері 2 отырысы өтті. Мәселен, Жол картасы аясында жұмыссыз қалған адамдарды әлеуметтік жұмыс орындары арқылы уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету көрсеткіші 11 725 адамды құрап, 180,1%-ға орындалды. Көшелерді толық жарықтандыру – Алматы қаласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы орайда, Кеңес мүшелері әкімдіктерге тиісті ұсыныстарын беріп, аталмыш тармақ ерекше назарға алынған болатын. Қазіргі сәтте тармақтың орындалуы орташа есеппен 90%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш қарашаның соңына дейін толық орындалуы тиіс.  

«Мен өз қызметімнің маңызды міндетін қала тұрғындарының табысты өмір сүруіне негіз болатын, жалпы қаланы дамыту үшін қажетті нормативтік-құқықтық және қаржылық-экономикалық базаны қалыптастыруда және үнемі жетілдіруде деп көремін. Кеңес мүшелері жалғыз емес екенін атап өткім келеді. Біздің әрқайсымыз команда болып жұмыс істейміз. Әйтпесе, ештеңе шықпас еді. Көптеген міндеттерді кеңес мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеу арқылы шешуге болады. Біз бірге жұмыс істейміз, сондықтан көп нәрсе сәтті болды! Біз мұны өз халқымыз үшін жасаймыз! Абаттандыруға көп көңіл бөлеміз. Мәселен, қалалық мобильділік басқармасымен, сондай-ақ Алматы қаласының Полиция департаментімен бірлесе отырып тұрғындардың маңызды мәселесін шешті. Медеу ауданындағы «Горный гигант» ықшам ауданындағы №77 жалпы білім беретін мектептің жанында тротуар кеңейтілді», - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Экономика, мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздікті дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы Әміржан Нәбиев.

Жеті топқа бөлінген Кеңестің мүшелері тоқсан сайын кемінде бірнеше жиын өткізеді. Қаладағы өзекті мәселелердің орындалуын қадағалайды.

«Бақылау комиссиясының төрағасы бола отырып, тоқсан сайын өзекті мәселелер бойынша 2-3 отырыс өткіземіз. Бүгінгі таңда біздің кеңес азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Депутаттық және партияның  қоғамдық қабылдауына жүгінгендердің әрқайсын мұқият тыңдаймыз, барлық өтінішті бақылауға алып, оларды шешуге қол жеткіземіз. Адамдарға нақты көмек – жергілікті депутаттың қамқорлығы. Адамдар әртүрлі өтінішпен жүгінеді, біз оларды қолдауға тырысамыз. Біз әлеуметтік сала мекемелерімен – мектептермен, ауруханалармен, балабақшалармен үнемі ынтымақтаса жұмыс істейміз. Сайлау алдындағы науқан барысында кандидаттың Балбұлақ оңалту орталығының ұжымымен кездесуінде орталықтың жанында автобус аялдамасын орнатуға жәрдемдесу туралы өтініш түсті. Ары қарай біз жауапты басқармен бірлесіп бұл мәселені толық шештік», - мәслихат депутаты. 

Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі кеңес

Биыл құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөнінде де кеңестің бірнеше жиыны өтті. Кеңес мүшелері – «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері де. 6 бірлескен көшпелі отырыста азаматтардың атынан түскен 2 өтініш оң шешімін тапты. Мәселен, Алматы қаласы тұрғындарының өтініші аясында Боткин көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша ұзақ жылдардан бері алғаш рет балалар алаңы орналастырылып, абаттандырылды. Сонымен қатар мекенжай маңынан нүктелі салынғалы жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылыс жобасының инвестормен келісімшарты тоқтатылды.

«Тұрғындардың өтініші бойынша Бокин көшесі, 4А мекенжайына тиісті жер учаскесінің айналасына қоршау орнатылды. Келесісі, Қазыбек би көшесі мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысындағы құрылыстың заңдылығы туралы өтініші негізінде құрылыс жүргізуші компания жаяу жүргіншілерге арналған жолды да өз иеліктеріне алып қоршап алғандығы мойындалып, берілген ұсынысқа сәйкес нысан қоршауын жылжытты. Осылай бірінші кезекті мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі таңда құрылыс жүргізуші компанияға қатысты құрылыс жұмыстарын тоқтату мәселесі қаралуда. Жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстар жалғасады және Кеңес мүшелерінің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады Кеңестің мүшелері. 

Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту

Кеңестің ең өзекті салалары – денсаулық сақтау мен білім бағытындағы жұмыстар. Бүгінгі күнге дейін аталған сала бойынша Кеңес мүшелері үш рет жиналып, қордаланған істерді талқылады. Биылғы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 4  тармақ  орындалды.

«1 қыркүйекте Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал Наурызбай және Алатау аудандарында қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында жаңа Инновациялық шығармашылық орталықтар ашылды. Әр орталыққа аптасына 5 мыңнан астам бала бара алады. Бұл жоғары технологиялық базасы бар Инновациялық шығармашылық орталықтары жаңа өсіп келе жатқан буынның зияткерлік даму орталықтары және көпсалалы балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар дуальды білім берумен, яғни кәсіби білім берудің практикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаулаумен 11 400 студент қамтылды», - деді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанынан құрылған Кеңестің мүшелері.

Кеңесте көтерілген бастамалардың арқасында Алмалы ауданында ерекше балаларға арналған Әлеуметтік оңалту үшін ерте араласу орталығы ашылды. Орталықтың басты міндеті – қоғамда ерекше балалар үшін қолайлы климат құру және оларды тәрбиелеу мен оқытуда кешенді тәсілді қамтамасыз ету.

«Біз кеңес отырыстарында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуынан бөлек әлеуметтік бағыттағы қоғамда резонанс тудыратын өзекті мәселелерді де талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырамыз. Мәселен, 30 қазанда өте өзекті тақырып балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесін кеңесте талқыладық. Бұл әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Елімізде жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда мәселе шешімін тапты дегенді білдірмейді. Бұл шара тұрақты түрде іске асырып отыруды қажет етеді. Осындай мәселелерді ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын», - деді Алматы қалсы мәслихатының депутаты, Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі кеңестің төрағасы Жандос Нәдіров.

19 мамырдан бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза өзгерді. Сотта бір рет қана татуласу мүмкін болды. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік те күшейтілді.

«Балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа берілетін жаза да күшейтіледі. Осы өзгерістер қоғамдағы өзекті мәселелермен күресудің мемлекет үшін жаңа тиімді құралы ретінде жұмыс жасауы қажет деп ойлаймын. Жас ұрпақтың балалық шағының барынша қауіпсіз әрі бақытты болуына жағдай жасау – Мемлекет басшысы саясатының және «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда, «AMANAT» фракциясының бастамасымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа Заң жобасы әзірленуде. Аталмыш отырыста біз балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесін кеңінен талқылап, қорытындысы бойынша кеңес мүшелерінің Заң жобасына қатысты ұсыныстарын назарға алу мақсатында Орталық аппаратқа жолдадық. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық насихаттау жұмыстарын өткізу – бүгінгі күннің басты талабы», - деді депутат.

Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі кеңес

«АMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі жыл басынан бері 2 кеңестің отырысы өтті, Жол картасының 3 бөлімі Кеңестің толық бақылауында.

2023 жылы Алатау, Әуезов, Жетісу аудандарындағы су жинау құрылыстары аяқталды, ал Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарында су жинау құрылыстарын қайта құру жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар Ыңғайлы көлік жүйесі және Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бөлімдерінің орындалуы Кеңес мүшелерінің ерекше бақылауында.

Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология

Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі кеңес Жол картасының 43 бағытына жауапты, 2 отырысы өтті.

Мысалы, шағын және орта бизнесті қолдау үшін 2023 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кредиттерді бөлу 118%-ға орындалды. Жалпы, биылғы жылдың 8 айында 1395-тен астам бизнес-жоба қолдау тапты.

Экология жағдайы Алматы үшін өзекті мәселелерінің бірі екені баршаға мәлім. Осы орайда, Алматы аумағының шамамен 70 мың гектарының 25,38 мың гектары жасыл желекпен қамтылып, көгалдандыру коэффициенті орта есеппен 36%-ды құрады.

«Сонымен қатар ветеринариялық бақылау және қадағалау мақсатында сау және агрессивті емес жануарлар вакцинацияланады, зарарсыздандырылады және құлақтарына жасыл белгі бекітілгеннен кейін бұрынғы мекендеу орындарына жіберіледі. Осылайша, жыл басынан бері 833 ит пен 38 мысық бұрынғы мекендеу орындарына шығарылды», -делінген Кеңестің таратқан ақпаратында.

Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар мәселесі

Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасы шеңберінде 42 нысаналы индикатор берілген, оның ішінде мәдениет саласында 16 тармақ,  спорт саласында 10 тармақ және жастар саясаты саласында 16 тармақ қарастырылған.

Жол картасы аясында жастар ресурстық орталықтары арқылы 2100 психологиялық-құқықтық кеңес берілді. Сондай-ақ биылғы маусым айында 850 ірі жұмыс беруші компанияның, 35 ЖОО мен 83 колледждің қатысуымен «Career day» кәсіптік бағдар беру форумы және қалалық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, жыл басынан 22,3 мың жас жұмысқа орналастырылды.

«НаркоСТОП» жобасы жүзеге асырылуда, «Сall-орталық» арқылы жыл басынан бері әртүрлі өңірден 3 мыңнан астам қоңырау өңделген. Сонымен қатар еріктілердің қатысуымен есірткі құралдарын, оның ішінде синтетикалық заттарды жасырын немесе ашық жарнамалайтын трафареттер мен граффитилерді бояу бойынша іс-шаралар өткізілді.

«MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту

Жыл басынан бері Алматы қалалық филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілді. Кеңес мүшелері қоғамда үлкен дау тудырып, Президентке дейін жектен кино саласына қатысты жұмыстарға да белсене араласты. 17 мамырда өткен отырыста Кеңес митингке шыққан кинематографистер мен ұлттық мемлекеттік кинематографияны қолдау орталығының мәселесін қарады, онда екі тарап тыңдалып, кеңес мүшелерімен талқыланды.

«Кинематографистер Мәдениет және спорт министрлігінен тәуелсіз комиссия тобын құруды, тәуелсіз комиссияның қорытындысына дейін Сараптамалық кеңестің жұмысын уақытша тоқтатуды ұйымдастыруды, Ұлттық мемлекеттік киноны қолдау орталығына ұсынылған 283 жұмыс құжатын қайта тексеруді талап етті. Барлық ұсынымдар партия жанындағы «Miras» республикалық кеңесіне жолданды, онда қазіргі уақытта ұсынылған ұсынымдар оң шешімін тапты», - делінген «Miras» азаматтық қоғамының төрайымы.  

Серіктес жаңалықтары