$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аса ірі көлемде қаржы жымқырған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды

Ол 2020 жылы ақша жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған болатын

Аса ірі көлемде қаржы жымқырған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды

1,7 млрд теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған ректорға қатысты сот отырысы өтті. Алматы облыстық соты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады. Апелляциялық инстанция Шыныбековты ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы сот үкімнің күшін жойып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.

«Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды», - деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ректор мен оның бұрынғы есепшісі аса ірі көлемде ақша жымқырғандары үшін 2020 жылы сотталды. №2 Бостандық аудандық соты университеттің ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабекованы 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар екеуінің де мүлкі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары