«Олигархтар барлық жерге өз адамын қойған»: Депутат кәсіподақта жүргенде қандай қиындық көргенін айтты

Саиров, әсіресе, еңбек қауіпсіздігі мәселесін шешуде не кедергі болғанын жеткізді

«Олигархтар барлық жерге өз адамын қойған»: Депутат кәсіподақта жүргенде қандай қиындық көргенін айтты
видеодан кадр

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «ADAL ADAM» YouTube-арнасына берген сұхбатында Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары болған кезінде көрген олқылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кәсіподақтар Федерациясына қызметке келген уақытта алдымен еңбек, өндіріс қауіпсіздігі мәселесін көтердік. Өкінішке орай заң саласы бізді көп қолдаған жоқ. Ол кезде олигархиялық жүйе болған. Олигархтар барлық жерге өз адамдарын қойып қойған. Бірақ біз сол кезде еңбек қауіпсіздігін айттық, 4-5 жылдан кейін осындай проблема болады, осыны шешу керек деп көтердік. Мәселені күн тәртібіне қойдық», - деді депутат. 

Сондай-ақ, депутат заңдағы негізсіз өзгерісті де мысалға келтірген. Оның айтуынша, бүгінгі заң бойынша еңбек және өндіріс қауіпсіздігіне тек мекеме директоры мен қауіпсіздікке жауапты маман ғана жаза арқалайды екен.

«Өндіріс орнының иелерінің және құрылтайшылардың жауапкершілігін арттыру керек. Олар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына жауапты екенін білуі қажет. Алайда заң бұл талапты қоюға мүмкіндік бермей отыр. Бүгінгі заң бойынша еңбек және өндіріс қауіпсіздігіне тек мекеме директоры немесе қауіпсіздікке жауапты маман ғана жауапкершілік алады деп көрсетілген», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.