ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

42 500 теңгеге өтініш білдіргендердің 8%-на ғана ақша берілді

Атаулы көмек алуға 14 мыңнан астам адам өтініш білдірген

1 сәуір кешкі сағат 18:00-ге дейін төтенше жағдайға байланысты берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге 14 074 адам өтініш берген. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры хабарлады.

«1 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындауға 14 074 адам жүгінді. Төлемдер 1885 адамға тағайындалып, 1669 адам алды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, уақытша табыстан айырылғандарға берілетін көмекке өтініш берушілер саны күрт артты. Соның салдарынан EGOV порталы істемей жатыр. 

Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов арнайы сайт іске қосылатынын жеткізді. Сонымен бірге, Telegram-бот арқылы да өтініш білдіруге болатынын айтқан. Бірақ әзірге ол іске қосылған жоқ. Өтініш бере алмай жатқан тұрғындар әлеуметтік желілерде шағымданып жатыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат