02.04.2020, 17:10
Қоғам
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Шымкентте қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 11 адамға жетті
Фото: ашық дереккөзден
2 сәуір сағат 17:05-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді: Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында - 8 адам, Түркістан облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам. Бұл туралы ақпаратты сoronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 423 адам:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 193 адам;
- Алматы қаласында – 91 адам;
- Қарағанды облысында - 21 адам;
- Ақмола облысында - 19 адам;
- Атырау облысы - 18 адам;
- Жамбыл облысында -5 адам;
- Шымкент қаласында - 11 адам;
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам;
- Алматы облысында - 9 адам;
- Ақтөбе облысында - 1 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысында - 8 адам;
- Павлодар облысында - 1 адам;
- Маңғыстау облысында - 1 адам;
- Қызылорда облысында - 26 адам;
- Батыс Қазақстан облысында - 2 адам;
- Түркістан облысында - 11 адам.
Айта кету керек, бүгінге дейін елде індеттен 3 адам көз жұмды. 27 адам жазылып шықты.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті