$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2023, 21:33
Қоғам

Министр Сәтқалиев жүргізушілерге көліктерін газға ауыстырмауға кеңес берді

Оның атап өтуінше, сұйытылған мұнай газының бағасы нарыққа сай келмейді әрі шығынды

Министр Сәтқалиев жүргізушілерге көліктерін газға ауыстырмауға кеңес берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көлік жүргізушілерін автомобильдерін газға ауыстырмауға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Жылдың басында ішкі нарықта 124 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газын өндіріп, жеткізу жоспарланған еді. Ал іс жүзінде қазанда тұтыну көлемі 144 мың тоннаға жетіп, жоспардан 20 мың тоннаға артып кетті. Жеткізілімді қамтамасыз ету үшін Теңізшевройл компаниясымен күрделі келіссөз жүргізуге тура келді», - деді министр БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сұйытылған мұнай газының бағасы нарыққа сай келмейді әрі шығынды.

«Қазақстанда баға ең төмен және бұл жағдай ұзақ сақталмайды. Барлық көлік жүргізушілеріне автомобильдерін сұйытылған мұнай газына ауыстыруға кеңес бермеймін. Өйткені, баға өсе беретін болады. Министрлік бағаның күрт өсуіне жол бермейді. Бірақ, егер экспорт тапшылығы туындаса, онда автогаз бағасы экспорттық бағаға са й бллады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Серіктес жаңалықтары