Талдықорғанда құрылыс салу кезінде ақша жымқырған шенеуніктер мен мердігер сотталды

Azattyq Rýhy

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Талдықорғанда құрылыс салу кезінде ақша жымқырған шенеуніктер мен мердігер сотталды

2023 жылғы 23 қазанда Талдықорған қаласының сотында «Береке» коттедж қалашығының сапасыз құрылысы барысында бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін Жетісу облысының прокурорлары аталған нысанды салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру жүргізген.

Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет құрлысы аяқталмаған үйлер туралы жарияланымдар себеп болды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде мердігер келтірілген залалды өтеді, оның ішінде 36 үйді өз қаражатынан салды.

2023 жылдың 30 қыркүйекте жергілікті атқарушы орган 25 үйдің кілтін көп балалы отбасыларға берді. Жақын арада тағы 11 үй беру жоспарлануда.

Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияның  жұмыскерлері және тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғалары ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазаның әртүріне  сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.