$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2023, 17:07
Қоғам

Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар саны көбейіп барады

Өңірде екінші аурухана ашуға тура келді

Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар саны көбейіп барады
Фото: с ammiac.com

Биылғы ақпаннан бері Ақтөбе облысында қызылшамен 828 адам ауырған. Жұқпалы аурулар ауруханасында отбасымен емделіп жатқандар саны көп, оның ішінде көбінесе аналар балаларынан ауру жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, облыстың бас инфекционисі Мейрамбек Құрманғазин мәлім еткендей, өңірде қызылшамен ауырғандардың саны көптен бері мұншалықты көп болмаған.

«Жұқпалы аурулар ауруханасында 81 науқас: 68 бала және 13 ересек адам бар. Мұнда 75 төсек-орын бар, сондықтан 18 қазаннан, яғни бүгіннен бастап қызылшамен ауыратын науқастарды қала сыртындағы «Чайка» шипажайына жатқызуды бастаймыз. Онда 80 орын дайындалды», - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Жеңіл дәрежедегі қызылшамен ауырған науқастар амбулаториялық негізде емделеді. Дене қызуы көтеріліп, пневмония, бронхит, отит сияқты асқынулары болған науқастар ауруханаға жатқызылып жатыр. 15 науқас Байғанин, Мұғалжар және Ырғыз аудандарындағы ауруханаларда жатыр. Әр аурузанада 4-5 науқастан бар. Олардың көпшілігі екпе алмаған.

Қазір облыста қызылшаға қарсы белсенді екпе жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін республикалық бюджеттен 90 миллион теңге бөлінді. Облыс 30 мың доза вакцина алды. Бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған 30 жасқа дейінгі тұрғындар мен 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері екпе ала бастады.

Айта кетсек, Ақтөбеге қызылша алғаш рет ақпанда Түркиядан әкелінді. Ауру сол елде емделіп келген науқастан анықталды.

Серіктес жаңалықтары