$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2023, 11:53
Қоғам

Қызылорда облысында 8 адам ата-ана құқығынан айырылды

Тағы 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді

Қызылорда облысында 8 адам ата-ана құқығынан айырылды
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 адам сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бойынша 6 251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 6 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 адам сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді. 5 кәмелетке толмаған облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім «Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына» орналастырылды», - делінген хабарламада.

Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Серіктес жаңалықтары