Қазақстандықтар салық туралы кеңестерді бейнеқоңырау арқылы ала алады
Бейнебайланыс арқылы кеңес беру 16 қазаннан басталады
Мемлекеттік кірістер комитетінің «Байланыс орталығы» пилоттық жобаны іске қоспақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Комитет мәліметінше, салық төлеушілерге бейнебайланыс арқылы кеңес беру 16 қазаннан бастап жүзеге асады.
«Жобаның мақсаты – арнайы Qr-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету», - дейді комитет өкілдері.
Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.
Байланыс орталығы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.