Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

Azattyq Rýhy

Алдағы күндері де көрме жұмысы жалғаспақ

Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

Түрікменстанның Білім министрлігінің шақыруымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы 10-12 қазан аралығында өткен «Қуатты мемлекеттің Қайта өрлеу дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім беру және спорт» халықаралық көрмесінде Қазақстанның білім күндерін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараға Назарбаев Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты сияқты қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шараны дипломатиялық миссиялардың басшылары, министрлер кабинетінің өкілдері және басқа да ұйымдардың басшылары ресми түрде ашып, тамашалады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Study in Kazakhstan» көрмесіне 300-ге жуық адам келді. Алдағы күндері де көрме жұмысы жалғаспақ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.