$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2023, 17:57
Қоғам

«Делдалдар мен сауда желілері бағаны қатты көтереді»: Құс өсірушілер жұмыртқа саудасын талқылады

Олар С1 санатындағы жұмыртқаны еркін нарыққа жіберуді ұсынып отыр

«Делдалдар мен сауда желілері бағаны қатты көтереді»: Құс өсірушілер жұмыртқа саудасын талқылады
Фото: ашық дереккөзден

Тауық жұмыртқасын өндірушілердің жағдайы 2023 жылдан бастап жұмыртқаға субсдия алынып тасталғанда тіптен қиындай түсті. Бұл субсидиялау өндірушілерге азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті болуға көмектескен еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Атамекен» ҰКП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі 2 жыл АӨК саласын субсидиялау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстар шеңберінде жұмыртқа өндірушілерге қолдауды ұзартуға уәде берді. Өндірушер күтті және сол уәдеге қарай бизнес-процестерді құрылымдады. Алайда, осы жылдың мамырында Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қолдауды көрсетуден бас тартты», – деді «Атамекен» ҰКП АӨК департаментінің сарапшысы Әсем Серікбаева.

ҚР Үкіметінің қаулысымен С-1 санатындағы тағамдық жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілгенін атап өткен жөн.

Өткен жылдардағыдай, биыл баға өспегеніне қарамастан, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен 2023 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында тауық жұмыртқасын (барлық санаттағы) өндіру және көтерме сату бойынша жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларына ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салынды.

«Жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларына тұрақты түрде тексеру жүргізіледі. Жыл сайын сол жағдай, кәсіпкерлер барлық жұмысын ысырып қойып, өндіріспен айналысудың орнына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ақпарат жіберумен болады», – деді Құс өсірушілер оағының жетекшісі Руслан Шәріпов.

Ресми деректерге сәйкес, аталған кезеңде өндірушілерде бағаның 17%-ға және нарықтарда 15%-ға төмендеуі байқалады.

«Осы жылдың тамызында өндірушілердің жұмыртқаға бағасы 314 теңгені құрады, ал нарықта жұмыртқа 493 мың теңгеге саудаланды, үстеме бағасы 57 пайызды құрады», – деді Руслан Шәріпов.

Маманның айтуынша, делдалдар мен сауда желілері бағаны қатты көтереді. Бақылау органдары дәл соларға назар аудару керек.

Елдегі құс фабрикалар жыл сайын шамамен 4 млрд дана жұмыртқа өндіреді. Осы ретте С-1 санаттағы жұмыртқаның жалпы көлемдегі үлесі 50 пайызды құрайды. Осылайша, құс фабрикалары өндірісінің 50 пайызы мемлекеттік реттейге жатады. Бұл жайт өндірушілерге өнімді жақсы бағада сатуға кедергі келтіреді және банкроттықпроцестердің болуына әкеледі.Мысалы, өткен жылы Қазақстанда жұмыртқа бағытындағы 3 құс фабрикасының қызметі тоқтатылды, 232 қызметкер жұмысынан қысқарып қалды.

Руслан Шәріповтің айтуынша, шамадан тыс мемлекеттік реттеу бизнесті инновациялық тәсілдерді қолдану, қосымша ресурстар салу, өндірісті жаңғырту және қызметкерлерді оқытуда қолын байлайды.

Республика дүкен сөрелерінде таңдалаулы, С-1 және С-2 санаттағы жұмыртқа бар. Олар бір критерий – мөлшері бойынша ерекшеленеді. Дәмі жағынан да, тамақтануы жағынан да ерекшелігі жоқ. Жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары жыл сайын С2 санатындағы 800 млн дана жұмыртқа өндіреді, бұл олардың жалпы өндірісінің 20%-ын құрайды.

«Қазақстанда С2 санатындағы дұмыртқа өндірісінің саны халықтың әлеуметтік осал топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты С2 санатындағы жұмыртқаны әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосуды, ал С1 санатындағы жұмыртқаны еркін нарыққа жіберуді ұсынамыз», – Руслан Шәріпов.

Спикер оң шешім шығарылса, жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары С-2 санатындағы тағамдық жұмыртқаның бағасын ұзақ мерзімге бекіту бойынша міндеттемелер алуға дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары