$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азаматтардың жеке мәліметтерінің шетелдік Telegram-боттарда жариялануы – министрлік түсіндірді

Телефон нөмірі арқылы жеке мағлұматтарға қол жеткізуге жол берілген

Азаматтардың жеке мәліметтерінің шетелдік Telegram-боттарда жариялануы – министрлік түсіндірді
Фото: freepik.com

Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері ойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасын талқылау кезінде депутат Никита Шаталов қазақстандықтардың жеке мәліметтері шетелдік Telegram-ботқа шығып кеткенін айтты.

«Телефон нөмірі арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік болды. Мекенжай мен ЖСН, қазақстандықтардың аты-жөніне оңайлықпен қол жеткізуге болатыны белгілі болды. Қолданушылардың көбі бұл ақпарат мемлекеттік ресурстардан тарады деп айтып жатыр. Бұл қалай болды және тағы қайталануы мүмкін бе?», - деп депутат Цифрлық даму министрлігіне сұрақ қойды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Мәлік Олжабеков бұл ақпаратты растады.

«Кейбір Telegram-ботқа жеке мәліметтердің тарап кетуі болды. Олар әртүрлі дереккөздерден, оның ішінде әлеуметтік желілерден ақпарат жинайды. Сондықтан біз дереккөздердің бірі Қазақстанда тыйым салынған сервис арқылы алынды деп отырмыз. Ондағы мекенжайлар бұрын тараған, ескіріп кеткен ақпарат. Сондай-ақ әртүрлі тауар мен тағамға тапсырыс беру мағлұматтарынан да алынуы мүмкін. Біз сервисті бұғаттауға өтінім бердік. Тараған ақпаратты сарапшылармен зерттеп жатырмыз. Олардың ақпаратты алған дереккөзі мен оларды таратқан адамдарға қатысты шешім қабылдау үшін жұмыс жүргізілуде», - деді Олжабеков.

Еске салсақ, осыған дейін бірқатар Telegram-ботта қазақстандықтардың жеке мәліметтері шыққаны белгілі болды.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары